Мемлекеттік қызмет

2023 жылы 18 қазан
Интернет ресурсында
орналастырылды

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8(71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.zhusupova@sko.gov.kz «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты ER-3. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді жасайды жәнеұсынады. Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың жобаларын дайындау. ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру.

«В» блогы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім,техникалық білім: бизнес, басқару және құқық ( бухгалтер және/немесе банк және сақтандыру).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық топтамасын электрондық почта мекенжайына электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жіберіледі.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.

Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жергілікті атқарушы органдарының, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң интернет-ресурстарында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi күнiнен бастап есептеледi, 3 жұмыс күнi iшiнде iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не zh.zhusupova@sko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады. Анықтамаларды 8(71536) 21426, арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOCX 18 Kb)

Позициялар (ZIP 199 Kb)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

Мақаланы құрған күні 27.03.2018 11:38

Мақаланы жаңартқан күні 23.10.2023 11:33

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz