Хабарлама

2024 жылы 11 сәуір
Интернет ресурсында
орналастырылды

КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.zhusupova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ бас маман (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысының кезеніне 2025 жылғы 9 қарашасына дейін).

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Экономиканың негізгі салаларында және өмір сүру салаларында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету, ауданда цифрландыруды дамыту, сондай-ақ «ақылды» қала тұжырымдамасын іске асыруға қатысу Integro жүйесінің деректер базасында бөлімнің веб-сайтын жүргізу.Бөлімдегі азаматтарды қабылдауды бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, Е-отиниш, Е-лицензиялауда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы орындау және бақылау. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша бұйрықтарды жүргізу, кадр жұмысын жүргізу: жеке істерді жүргізу, бос орындарды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, E-kyzmet базасын жүргізу (кадрлар бойынша).

Техникалық қауіпті құрылғыларды (лифт, газ жабдықтары, жылу жабдықтары) бақылайды, есептерді береді. Қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеу және тіркеуден шығару Төтенше жағдайдағы құжаттаманы әзірлейді және жүргізеді Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы статистикаға есеп беру (құрылыс-монтаж жұмыстары)

«В» блогы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе менеджмент және/немесе қаржы); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (статистика);ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе газ объектілері жабдықтарын пайдалану технигі және/немесе метрология, стандарттау және сапаны басқару).

Орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім, техникалық білім: бизнес, басқару және құқық (051902 3 - Экономист және/немесе менеджер және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі және/немесе - Экономика (сала бойынша)); Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техник-статистик); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (деректер базасын және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару және/немесе бағдарламалық қамтамасыздандыруға қызмет көрсету және тестілеу бойынша технигі және/немесе ақпараттық жүйелер технигі);

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.

Мемлекеттік қызметші мен адамның жалпы конкурсқа қатысуы үшін,

Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілгендерге

келесі құжаттар:

1) өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер құжаттарды "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсына алады.

Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

Құжаттардың толық емес топтамасын, не анық емес мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі оларды хатшының Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілеріне жіберіледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергілікті атқарушы органдардың, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында құжаттарды қабылдайды.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері арқылы, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайларын құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның қызметшілері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметінің шешiмiне шағымдана алады.

Өтініш (DOCX 25 Kb)

11.04.2024
Қаралым саны: 177
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz